Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бауыржан Мұратбекұлы, экономист: Әділетті экономика құруға мүмкіндігіміз бар

11:42, 17 қараша 2022 270
Белгілі экономист Бауыржан Ысқақов Alash.kz тілшісіне берген сұхбатында Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы туралы ойын жеткізді.

"Мен Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстым. Көңілге түйгенім, басты назар әділеттілікке қарай ауған екен. Осы уақытқа дейінгі тарихымызда біз бұдан да жақсы өмір сүруге мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ, жүйенің экономикаға, қоғамға, адамдарға деген әділетсіздігі халықтың билікке көзқарасының бұрыс қалыптасуына әкеліп соқты. Халық пен билік арасы ажырады. Оның соңы өздеріңіз білетіндей Қаңтар оқиғасы. Сол үшін бірінші кезекте Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» орнатамын деп, әділетті экономика, әділетті қоғамға назар аударуының ар жағында халықтың сеніміне ие болу үшін атқарылып жатқан іс-шаралар деп айтуға болады.
Үш жылдай болды, мұны да сол кездегі бастамаларының жалғасы деп айтуға болады. Сол кездегі сайлауалды бағдарламалардың басым бөлігінің орындалғанын көреміз. Оның бір көрсеткіші ретінде біздің экономикамыздағы, мемлекеттегі байлықтың белгілі бір топтардың мүддесіне ғана жұмыс жасайтын болса, қазіргі уақытта бұл байлық халықтың өз игілігіне берілуіне жұмыстар жасалып жатыр. Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттен ақша алып, тек қана өздерінің мақсаттарына жұмсаған тұстары әшкереленіп жатыр. Оның барлығы да жекешелендіріліп, шеші табылды.

Осының барлығына қарап отырсақ, бізде әділетті экономика құруға мүмкіндігіміздің бар екенін көре аламыз. Жалпы елдің дамуы үшін, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін осы бағдарламада айтылған, аз болса да нақты жоспарлардың жеткілікті екенін көруге болады. Бірінші кезекте әділетті қоғам құру үшін экономиканы сауатты жүргізетін, экономикаға тиімді пайда әкелетін ортаны қалыптастыруымыз керек. Шағын және орта бизнес белсенді болуы керек, мемлекеттің негізгі ұстанымы бізден ашылатын әрбір жұмыс беруші кәсіпорындардың көбеюіне мүмкіндік жасауы керек. Ал, әділетті қоғам ол әрине тек барлық ауыртпалықты президентке артық қана қоймай, қарапайым азаматтардың өздері де қоғамдық пікірлерін анық айтып, мемлекетке не береміз деген принциппен жұмыс жасайтын болса елдің экономикасының, саяси, әлеуметтік жағдайының нақты қалыптасуына ықпал жасайды деп ойлаймын.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар