Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басы мұздатқышта, денелері бөлшектеніп қапшыққа салынған: Хромтауда сұмдық жағдай орын алды

17:45, 15 қазан 2024 454

Ақтөбелік полиция бір ай бұрын жоғалып кеткен Хромтау тұрғынының мәйітін тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның денесі бөлшектеліп қапшыққа салынған, ал басы мұздатқыштан табылған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді қолға түсірді.

Бұған дейін желіде Хромтау маңында мұздатқыштан жоғалған ер адамның басы табылған еді. Оның денесінің басқа бөліктері сөмкелерге салынған.

Мәйіттің табылғанын Ақтөбе облысының полиция департаменті растады. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында екі адам анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", – делінген хабарламада. 

Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?