Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Басы денесінен жұлынып кеткен": Павлодарда шиномонтаж қызметкері опат болды

17:42, 08 қыркүйек 2026

Павлодардағы Үлкен айналма жолдың бойында орналасқан шиномонтаж шеберханасында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Жұмыс барысында дөңгелек жөндеуші ауыр техникалық апат салдарынан жарақат алып, басы денесінен жұлынып кеткен.

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының ресми мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне шақыру таңғы сағат 10:30-да түскен. Алайда оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері зардап шеккен азаматтың өмірмен жанаспайтын жарақаттардан сол мезетте-ақ тіл тартпай кеткенін растаудан басқа шара таппады.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар қайғылы оқиғаның нақты себептері мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын тексеріп, тиісті сараптамаларды жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар