Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады". Әнші Мақпал Жүнісова елге мұңын шақты

20:43, 22 наурыз 2025 509

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды   Alash.kz порталы Аikyn.kz-ке сілтеп.

Желі қолданушысы «Күйеуге тимегенде тағдырыңыз басқаша болар ма еді?!» деп сұраған. Халық әртісі бұл сұрақты жауапсыз қалдырмады

«Бар шындықты айтсам, төбе шашыңыз тік тұрады. Дәл осындай азаматқа күйеуге шығу арман болмады. Өзі жоқ болғасын көп ашық айта алмаймын. Өйткені марқұм халыққа көп көмегі тиген еді», – деп жазды әнші.

Мақпал Жүнісова бұған дейін марқұм Заманбек Нұрқаділов өзіне ғашық болып үйленгенін айтқан еді. 

“Мен ол кісінің есігін қағып, босағасына барып “Мені алшы” деп жалынған емеспін. Тіпті ол кісіге ғашық та болмағанмын. Жақсы да көрген жоқпын. Зәкең өзі дегенін жасап, қалауын орындады. “Шешең берсе де, бермесе де аламын” деді. Қолында билігі болды. Айналасында біз қорқатын адамдар болды. Алғаш кезде біз ол кісіден қорықтық. Кейін барып, сыйластық орнады”, – деді Халық әртісі. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар