Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бағдаршамның қызыл сигналына қарамастан…” Шұғыл! Қарағанды облысында сұмдық апат орын алды

16:09, 12 желтоқсан 2025

Қарағанды облысы, Құлайғыр теміржол учаскесінде жол апаты болды. 35 жастағы Audi жүргізушісі бағдаршамның қызыл сигналына қарамастан теміржол өткеліне шығып, жүк пойызымен соқтығысқан, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен 4 жолаушы зардап шекті, олардың ішінде 1 бала бар. Барлығы ауруханаға жеткізілді, қазіргі таңда жүргізуші мен бір жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты. Полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар