Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

Автобус жүргізушілеріне қойылатын талап жеңілдеуі мүмкін

Көлік министрі Марат Қарабаев автобустарды жаңарту үшін шара қабылдауды,автобус жүргізушілері үшін қажет жұмыс өтілін азайтуды, D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін жас көрсеткішін төмендетуді ұсынғандардың өтінішін сұрады.

Біз тамызға дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Автобус жүргізушілердің жасын 23-ке дейін төмендетіп, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талапты 3 жылдан 1 жылға дейін азайтамыз. Алайда мұнымен мәселе толық шешілмейді, дегенмен алғышарттар бар, - деді Марат Қарабаев.

Ведомство басшысы бұл мәселеге талдау жүргізілгенін жеткізді.

2014 жылға дейін D санаты бойынша 84 мың адам оқыған. Талап күшейгеннен кейін автобус жүргізушісіне оқитындардың саны 4 мыңға дейін азайды. Бұл – өте аз. Сондықтан Мәжіліс депутаттары мәселені түсініп, бізге қолдау көрсетеді деген үміттеміз, - деді Көлік министрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар