Канададағы ұшақ апатынан 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Торонто әуежайында Delta әуе компаниясының ұшағы қону кезінде аударылып қалды, салдарынан 18 адам жарақат алды. Оқиға бораннан кейінгі қатты желдің салдарынан болған.
Reuters агенттігінің мәліметінше, Миннеаполис-Сент-Пол (АҚШ) әуежайынан ұшқан Bombardier CRJ900LR бортында 80 жолаушы болған.
Үш адамның жағдайы ауыр, олардың қатарында бала да бар.
Ұшақтағы жолаушылар аман-есен эвакуацияланды.
Канадалық билік апаттың нақты себебі әлі анықталмағанын мәлімдеді.
Оқиға куәгері Джон Нельсон өзінің Facebook парақшасында видео жариялады.
Кадрларда Лестер Пирсон әуежайының ұшу-қону жолағында аударылған ұшақты өрт сөндіру қызметі сумен бүркіп жатқаны, ал жолаушылардың құтқарушылар көмегімен сыртқа шығып жатқаны көрінеді.
Қазіргі уақытта Торонто әуежайының жұмысы ішінара қайта жанданды.