Жәбірленуші Мейірімбек Қалижанов дәмханаға барған. Мекеме әкімшілігі оның телефонын тартып алған. Сосын ер адам полиция шақырып, телефонын қайтарып алған.
Полицей оған "алдымен наркологтан есі дұрыс деген анықтама әкел", әйтпесе арызыңды қабылдамаймыз деген. Сосын ол медициналық тексеруден өткен. Анықтаманы алатын кезде полицей келіп, тағы тексеріс жүргізетінін айтқан. Ер адамға құрылғысын беріп, "мә, сор" деген. Сол сәтте "сіз полицейсіз, неге бұлай сөйлейсіз?" деп жауап қатқан. Әлгі полицей ашуға булыққан.
Сол сәтте бөлмеге санитарлар кіріп, ер адамды күштеп ұстап, іш киіміне дейін шешіндірген. Қол-аяғын байлап, матрасы жоқ кереуетке жатқызған. Кейін оған белгісіз препарат салған. Сосын оның жүрек тұсы шаншып, демала алмай, есінен танып қалған.
Кейін мекеме қызметкерлері оған "орташа дәрежедегі масаң күйде болды" деп құжат толтырыпты.