"Қанды қаңтар" кезінде екі алматылықты өлтірген Ұлттық ұлан офицеріне сот үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Алматы гарнизонының әскери соты Ұлттық ұлан полковнигі Айтжан Әубәкіровті жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол қаңтардағы оқиғалар кезінде билігін асыра пайдаланып, Алматының екі тұрғынын жер жастандырды деген айыпқа ілінді.
Сот талқылауы жабық режимде өтті, бұқаралық ақпарат құралдары мен тыңдаушыларды жолатпады, бірақ журналистерге үкімді жариялауға рұқсат етілді.