Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Есірткі кәмпиттер". Полиция оқушылардың ата-аналарына шұғыл үндеу жасады

12:14, 07 ақпан 2025 54

Полиция мектеп оқушыларыныңың ата-аналарына шұғыл үндеу жасады, деп хабарлайды  Alash.kz.

WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға (құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылатыны туралы ақпарат тарап жатыр.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, WhatsApp чаттарында таралып жүрген хабарлама шындыққа жанаспайды.

«Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдар тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн», - делінген ІІМ хабарламасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар