Шығыс Қазақстан облысында девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатынан төрт жасөспірім қашып кеткен, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.
Желідегі ақпаратқа сай, жасөспірімдер қатыгездік көргендіктен мекемеден қашып кеткенін айтқан. Прокурорлар мен полиция тексеруді қолға алды. Ал мектеп басшылығы мұндай жағдай алғаш рет емес екенін айтқан.
"Серебрянск қаласында арнайы мектептің балалары бірнеше рет қашып, өздеріне үлкен қауіп төндіруде. Мұның себебі – бұл мектептегі жағдай қорқынышты. Балалар әлімжеттіктің, физикалық зорлық-зомбылықтың және қорлаудың құрбаны болып жүр. Салдарынан олар қашып, көшедегі қоғамдық дәретханаға тығылып, аязда үсіп жүр. Бұл үшін кім жауап береді?", - делінген Instagram-да жарияланған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін түнде Серебрянск орналасқан Алтай ауданында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеген. Пайда болған видеода төрт жасөспірім қысқы киімсіз жейдеде ғана болған.
"Міне, қолдары қатып қалған. Өтінемін, көмектесіңіздер. Балалар жейдемен отыр", - делінген видеода