Жетісу облысында сот Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев зорлық-зомбылық көрсеткен әйелге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қозғалған істі қарап жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ.
Іс бойынша күдіктілер қатарында зорлық құрбаны, оның сүйіктісі және сот хатшысы бар. Ал Күштібаевтың жұбайы бұл іс бойынша жәбірленуші болып саналады.
Тергеу материалдарына сәйкес, Күштібаевтың жұбайы зорлық-зомбылық құрбанына сот хатшысы арқылы 40 миллион теңге берген. Бұл ақша үшін жәбірленуші соттағы айғақтарын өзгертуі тиіс болған.
Алайда ол айғақтарын өзгертпеген, ал Күштібаев "Қызметтік міндеттерін орындау кезінде зорлық-зомбылық қолдану арқылы зорлау" бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Осыдан кейін Күштібаевтың әйелі алаяқтық дерегі бойынша полицияға арызданады. Сонымен қатар, сот хатшысы да құқық қорғау органдарына жүгініп, зорлық құрбаны, оның адвокаты және Күштібаевтың жұбайын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.
Құқық қорғау органдары екі қылмыстық іс қозғады. massaget.kz жазғандай, бірінші іс бойынша күдікті – Күштібаевтың жұбайы, ал сот хатшысы куә ретінде танылды. Екінші іс – "Алаяқтық" бабы бойынша қаралып жатыр, мұнда күдіктілер ретінде зорлық құрбаны, оның сүйіктісі және сот хатшысы қарастырылуда.
Қазір Көксу аудандық сотында бұл істер бойынша сот талқылауы жалғасуда. Тараптардың адвокаттары екі істі біріктіріп, прокуратураға қайтаруды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қабылдамады. Келесі сот отырысы 13 ақпанда өтеді.