11 маусымда әлеуметтік желілерде Атыраудағы базарлардың біріндегі бақылау камерасына түсірілген ер адамдар арасындағы жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Атырау облысы полиция департаменті осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды, - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.