Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Асыға күтемін»: Көптен бері көрінбей кеткен Қайрат Түнтеков қуанышты жаңалығын бөлісті

22:00, 09 қараша 2026

Көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Қайрат Түнтеков жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі қараша айының соңында Маңғыстау облысына барып, Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында концерт беретінін хабарлады.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында тыңдармандарына үн қатып, алдағы кездесуді асыға күтіп жүргенін жеткізді.

«Ассалаумағалейкум, ағайын! Көңіл күйлеріңіз қалай?

Алда Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында кездесетін күніміз жақындап қалды. Шынымды айтсам, сіздермен жүздесіп, сүйікті әндерімді бірге орындап, бір кешті әдемі естеліктерге айналдырғым келеді.

27 қараша — Жаңаөзен

28 қараша — Ақтау

Сіздерді асыға күтемін! Келмей қалмаңыздар, ағайын! 

Билеттер KINO.KZ сайтында сатылымда. Билеттеріңізді алдын ала алып қойыңыздар!

Кездескенше!», – деп жазды Қайрат Түнтеков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар