Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ширек финалға шықты: Боксшы Марал Төлепберген алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

13:08, 09 қараша 2026

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар