Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, Қытайдағы додада өзіне қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне ағынан жарыла алғыс білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.
Отандасымыз сыйлықтар мен жылы лебіздер үшін ырзашылығын білдіріп, трибунада желбіреген ел байрағының ерекше жігер сыйлағанын жеткізді:
«Ықыластарыңыз бен көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға мың алғыс! Келген сыйлықтарды қабылдап, жылы сөздерді естіп қуанып қалдым. Ал Қазақстанның туларын көру — мен үшін бөлек мақтаныш. Қасымда бар екеніңізді сезініп, қолдауларыңызды көру өте құнды. Әрқайсыңызға алғыс айтамын!» — деп жазды Олимпиада чемпионы.