Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көзі тірісінде-ақ есімі аңызға айналған». Қаралы хабар: Қазақтың көрнекті ақыны 86 жасында дүние салды (ФОТО)

11:19, 09 қараша 2026

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, бірегей ақын-импровизатор Надежда Лушникова 86 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Қаралы хабарды алғаш болып жазушы Исмаилжан Иминов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті:

«Бүгін қазақ әдебиетін сүйер қауым арасында көзі тірісінде-ақ есімі аңызға айналған бірегей тұлға, көрнекті ақын-импровизатор Надежда Лушникова 86 жасында дүниеден өтті», — деп жазды ол.

Надежда Лушникова 1940 жылы 22 қарашада Алматы облысының Шамалған ауылында туған. Ол қазақ тілінде білім алып, кейін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін тамамдаған. Шығармашылық жолында тек айтыс өнерімен шектелмей, баспа редакторы әрі мектепте мұғалім болып еңбек етті. Оның қаламынан туған жырлары «Елім менің» және «Көңіл хошы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.

Қазақстан Жазушылар одағы да ақынның қазасына байланысты ресми қаралы хабар таратты:

«1963 жылы Қызылордада облыстық айтысқа қатысып, жүлдегер болды. Шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысы киноға түсірілді («Айтыс», режиссері Т. Дүйсебаев). Жамбыл аудандық (1965, 1978), Алматы облыстық (1977, 1979) айтыстарына қатысып, әріптестерін жеңді», — делінген Жазушылар одағының мәлімдемесінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар