Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«3-ші ота жасалды. Алла қолдасын!»: Белгілі педагог Ақмоншақ Нұртаза денсаулығы туралы айтты (ВИДЕО)

17:38, 09 қараша 2026

Елге белгілі ұстаз, мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында ота жасап, аурухана төсегінде жатқанын хабарлап, өзіне тілеулес болған оқырмандарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Педагог осыдан екі күн бұрын отадан аман-есен шыққанын айтып, жыл басынан бері үшінші рет хирургиялық үстелге жатқанын тілге тиек етті:

«Отадан осы жаңа шықтым. Қуанышта да, қайғыда да бірге болған алтын оқырмандарым, қолдау сөздеріңіз, жылы лебіздеріңіз пен дұға-тілектеріңізге рақмет! Биыл денсаулық жылы болды, жылдың басынан бері 3-ші ота жасалды. Алла қолдасын! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер, қалғанының бәрі өткінші. Дәрігеріме де алғыс айтамын, алтын қолдарыңыз талмасын!» — деді өнер иесі.

Бұдан кейін мектеп директоры халықтың толассыз қолдауын сезініп отырғанын жеткізіп, жылы лебіздерге тағы бір мәрте ризашылығын білдірді:

«Мені уайымдап, хабарласып, жылы сөздеріңізді жазып жатқандарыңызға рақмет! Бәріне жеке-жеке жауап беріп үлгермесем де, әрқайсыңызды оқып отырмын. Тіпті бәрін бірден айтып бере алмасам да, қолдауларыңызды сезініп отырмын. Рақмет сіздерге!» — деп түйіндеді Ақмоншақ Нұртаза.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар