Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сейсмикалық дабыл: Жамбыл облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді

11:38, 09 қараша 2026

Жамбыл облысының аумағында магнитудасы 3,7-ге тең жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының мәліметінше, сейсмологиялық оқиға 8 қарашада Астана уақытымен сағат 20:38-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі 44,51 градус солтүстік ендік пен 74,44 градус шығыс бойлық координаттарында орналасқан.

Мамандардың есептеуінше, жер асты дүмпулерінің магнитудасы mb=3.73, ал энергетикалық класы K=8.55 құрады. Жер сілкінісінің ошағы 11 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар