Айнагүл Көңбайқызы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Айнагүл Көңбайқызы 1982 жылы дүниеге келген.
Еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған.
2013–2017 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2021 жылдан бастап Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды.