Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында көлігінің артқы айнасына сіріңкемен сурет салып, көпшілікті таңғалдырған атыраулық Аслан есімді азаматтың қайтыс болғанын хабарлап, қаралы жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесінің қазасы журналистің қабырғасын қайыстырып, бұған дейінгі кездесулерін еске алды:
«Жүректі сыздатқан қаза... Атыраулық Аслан есімді азамат көлігінің артқы терезесіне менің суретімді сіріңкемен салып, көпшілікті таңғалдырған еді. Сол кезде Асланмен жүздесіп, ерекше өнеріне тәнті болып, алғысымды айтқан болатынмын. Өкінішке қарай, кеше Асланның өмірден өткенін естіп, қатты қайғырдым. Жақында ғана күлімдеп, қол алысып тұрған азаматтың бүгін арамызда жоқ екеніне сену қиын… Адамның ғұмыры қамшының сабындай қысқа екен ғой… Асланның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқап, иманын жолдас етсін! Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!» — деп жазды Руслан Өтепбай.