Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы Есіл жағасынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

12:03, 09 қараша 2026

Астанадағы Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Alash.kz.

8 қараша күні Айтматов көшесіндегі көпірдің астында, «Kolsai» тұрғын үй кешенінің маңында өзеннен мәйіт табылған. Полиция департаментінің хабарлауынша, қаза тапқан азамат — 56 жастағы елорда тұрғыны. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, ер адамның өліміне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар