Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әскерді кейінге қалдыру». Не өзгереді? Қорғаныс министрлігі жаңа тәртіп туралы мәлімдеді

15:55, 05 қараша 2026

Қазақстанда әскерге шақыруды кейінге қалдыру, әскери қызметтен босату және әскери билет алу кезіндегі құжаттарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қорғаныс министрі 2026 жылғы 21 қазанда қол қойған бұйрыққа сәйкес, азаматтар ұсынған құжаттарда қателер, дәлсіздіктер немесе толық емес жиынтық анықталса, әскери комиссариат қызметкерлері өтінішті қарауды уақытша тоқтатып, арнайы хабарлама жібереді. Азаматтарға көрсетілген кемшіліктерді жою үшін хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күні беріледі. Бұл мерзімде үлгерген жағдайда алғашқы өтініш берген күн өз күшінде сақталады, ал үлгермегендерге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Өтінішті қараудың жалпы мерзімі түзетуге кеткен уақытты есепке алмағанда алты жұмыс күнін құрайды және бұл қызметтердің барлығы eGov порталы арқылы тегін жүзеге асырылады.

Заңнамаға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыру денсаулық жағдайына, оқу кезеңіне және отбасылық мән-жайларға (некеде тұрған және баласы бар немесе балаларды анасыз тәрбиелеп отырғандарға) байланысты беріледі. Оған қоса, балабақша, мектеп пен колледж педагогтері, ауылдық жердегі дәрігерлер, азаматтық авиацияның жекелеген мамандары мен кеме экипаждарының мүшелері де бұл жеңілдікке ие бола алады.

Ал бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан толық босатылатындар қатарына денсаулығына байланысты жарамсыз деп танылғандар, ғылыми дәрежесі бар азаматтар, басқа мемлекетте әскери қызмет өткергендер және 27 жасқа толғанға дейін заңды негізде әскерге шақырылмағандар кіреді. Еңгізілген бұл өзгерістер бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң ресми түрде қолданысқа енгізіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар