АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі ел аумағында ұсталған «ең қауіпті қылмыскер шетелдіктердің» тізімін жариялады. Бұл тізімге Қазақстанның үш азаматы енген, деп хабарлайды Alash.kz.
Аталған шара Президент Дональд Трамп бұған дейін уәде еткен «жаппай депортациялау» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. АҚШ билігінің мәліметінше, тізімге енген тұлғалар қоғам үшін ерекше қауіпті қылмыскерлер санатына жатқызылған.
«Жафар Дадаев Бруквудта (Алабама штаты) тұтқындалды. Сот оны шабуыл жасағаны және өзге біреудің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды. Исломдин Искандаров Флорида штатында ұрлық жасады деген айыппен, ал Юрий Коротких Орегон штатында қару қолданып шабуыл жасағаны үшін ұсталды», — деп хабарлады америкалық құзырлы орган.
АҚШ әкімшілігі бұл тұлғалардың елден шығарылу (депортация) процесіне қатысты нақты шешімдер қабылданатынын мәлімдеді.