Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал.
Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген. Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек.
Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады.
Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс.
Баукеңнің ерлігі жай аңыз емес, бұл – нақты құжаттармен дәлелденген, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар мойындаған сөзсіз ерлік. Елге ерлігімен танылған, еңбегі сіңген азаматтарын бағалай білген жұрт ешқашан ұтылмайды».
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді
Загребтегі Гран-при: Дзюдошы Эсмигүл Куюлова жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды
20:21, 14 қараша 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Димаш Құдайберген әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылман тізіміне енді
16:20, 14 қараша 2026
«Заң мен тәртіп» бәріне ортақ: Ақтөбеде әскери институт басшылары не үшін ұсталды?
14:47, 14 қараша 2026
«Үш жыл бұрын жоғалған ер адамның мәйіті табылды»: Абай облысындағы оқиға әшкере болды
14:28, 14 қараша 2026
«Діни экстремизмді насихаттаған»: Алматы полициясы 44 жастағы күдіктіні ұстады
13:15, 14 қараша 2026
«Сүйемін деші»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі қуанышты жаңалығын айтты (ВИДЕО)
12:31, 14 қараша 2026
Ғылым және жоғары білім министрлігінде кадрлық өзгеріс: Вице-министр қызметінен кетті
10:13, 14 қараша 2026