Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде ересек ер адам оқушыны жыныстық қатынасқа тартқан ба - ақпарат тексеріліп жатыр

19:21, 21 қыркүйек 2026

Ақтөбеде әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған жасөспірім мен ересек ер адам арасындағы қарым-қатынас туралы тараған ақпараттан кейін полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазады Alash.KZ.

Әлеуметтік желідегі жазбаларда ересек адамның әлеуметтік желі арқылы жоғары сынып оқушысымен танысып, өз жасын кішірейтіп көрсеткені және кейін жасөспіріммен кездескені айтылған.

Авторлардың мәліметінше, кездесулердің бірінен кейін жасөспірімге медициналық көмек қажет болған.

Алайда бұл ақпараттағы деректер әзірге тәуелсіз түрде расталған жоқ. Полиция әлеуметтік желідегі жарияланымдарда көрсетілген жайттарды нақтылаған жоқ және істің құқықтық саралануын да жарияламады.

Ақтөбе облысының полиция департаменті қалалық полиция басқармасының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қажетті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар