Ақтөбелік тұрғын дәрігерлер операция кезінде ұмытып кеткен дәкені бірнеше айдан кейін өз бетімен алып тастағанын айтты. Оның сөзінше, бұл бөгде зат 2023 жылы жасалған отадан кейін қалып қойған көрінеді деп жазады Alash.KZ.
Науқасқа сол кезде мойын омыртқасына протез қойылып, жарығы алынған. Алайда арада бірнеше апта өткен соң жарасы қабынып, қызарып, іріңдей бастаған. Ауырсыну күшейгеннен кейін ол жарасын өзі ашып, ішінен дәкені шығарып алған. Ер адам бұл сәтті видеоға да түсірген.
Сараптама нәтижесінде операция кезінде бөгде заттың қалып кеткені расталған. Осыған байланысты 2024 жылы қылмыстық іс қозғалған. Алайда кейін іс «құқық бұзушылық құрамы жоқ» деген негізбен тоқтатылған. Қайта тергеу жүргізілгенімен, іс тағы да жабылыпты.
Ал дәрігерлер пациенттің әртүрлі медициналық мекемелерде ем алғанын алға тартып, мұндай дәке операция барысында қолданылмайтынын мәлімдеген.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдай дәрігерлердің әрекетіне қатысы жоқ деп танып, істі түпкілікті жапқан. Ал ер адам шешіммен келіспей, қайтадан шағым түсіретінін айтты.
Ақтөбеде дәрігерлер ота жасаған адамның тамағында дәкіні ұмытып кеткен (ВИДЕО)
09:12, 03 сәуір 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
Досхан Жолжақсынов 75 жасқа толды: Алматы әкімі Президенттің құттықтауын табыстады
14:00, 11 қазан 2026
Түркияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады
14:53, 10 қазан 2026
Трамп Нобель комитетін сынға алып, "Маған Нобель сыйлығын бермеді" деп жазғырды
13:29, 10 қазан 2026