Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтауда бір топ бойжеткен 12 жастағы қыздарды аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

07:59, 08 қазан 2024 597

Әлеуметтік желіде Ақтау қаласында кәмелетке толмаған қыздардың таяқ астында қалған видеосы тарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы жергілікті Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

Басылымның мәліметінше, видеодағы кәмелетке толмаған қыздың анасы 19-21 жас аралығындағы бір топ қыздардың топ құрып, жасөспірімдерді жинайтынын айтқан. 

“Менің қызым оларға ақымақтықпен қосылған. Олар сауда орталықтарында қыздармен танысып, оларды өз топтарына тартып, әдемі екендерін айтып, достасып алады. Балалар олармен қарым-қатынас жасай бастағанда, балаларды өздеріне бағындырып, басқара бастайды. Қыздарды қорқытып, ұрып-соғады. Ұрған кезде оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салады", – дейді қыздардың бірінің анасы.

Кадрларда қыздардың бірі жасөспірімді басынан жұдырықпен ұрып жатқаны көрінеді.

“Бұл оқиға демалыс күні болды. Маған 12 жастағы қызымды сауда орталығының аумағында ұрып-соғып жатқаны туралы қоңырау түсті. Ббірден қызыма қоңырау шала бастадым, бірақ ол жауап бермеді. Кешкі сағат тоғыз шамасы. Күйеуім екеуміз бірден сауда орталығына бардық. Біз келген кезде қараңғы түсіп кеткен, сауда орталығының артында камера жоқ. 20-30 адамды көрдік. Біз барғанша қыздар бір жасөспірім қызды ұрып-соғып, үйіне жіберіп үлгерген. Екінші қыздың ерні жарылып кеткен, менің қызым жарақат алмапты. Оқиға орнына дереу полицейлер шақырдық”, – дейді қыздардың бірінің анасы.

Облыстық полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

 

“Осы оқиғаға қатысы бар барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Материал әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданады. Құқық бұзушылар профилактикалық есепке алынды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар