Ринат Мұхаметқали Президент Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Ринат Мұхаметқали 1981 жылы дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқарған.
2004-2009 жылдары Әділет министрлігі Заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.
2010-2021 жылдары Президент Әкімшілігінде мемлекеттік қызмет және кадр саясаты мәселелері жөніндегі инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болды.
2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығын басқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан осы тағайындауға дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.