Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты желіде әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. Әсіресе, ұшқыштар жерге емес, ұшақты теңізге қондырса, адам шығыны бұдан аз болар ма еді, деген сауал басым деп, жазады Alash.KZ Azattyq-тың желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Бұл сұраққа авиация маманы Абыл Кекілбай не дейді?
"Азаматтық авиация саласында қандай жағдай болса да, ұшқыштың шешімі ең дұрыс шешім болып табылады. Әрбір ұшқыштың шешімі заңды шешім. Себебі, ұшақтағы жағдайдың бәрі тек ұшқыштарға ғана мәлім. Менің ойымша, олар құлаймыз деп ойлаған жоқ. Не болса да әуежайға жетуге тырысты. Әуежайға жете алмағандықтан, олар тұрғынүйлердің үстіне түспеу үшін кең жерге қонуға тырысты. Суға қонамыз десе, теңіз жақын тұрды" дейді маман.