Әнші Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында қазақ өнерінің аңызы, ұлт руханиятының абызы Асанәлі Әшімовке жазба арнады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Ағамыздан айырылып қалдық… Нар тұлғасымен, адамдығымен, адалдығымен мәңгі есте қалары анық. Аңыз ағамен қоштасқым келмейді, амал қанша… Иманыңыз саламат болсын, асыл аға. Өзіңізге тамсана қарайтын халқыңызға қайғыра көңіл айтамын. Отбасыңызға Алла сабыр берсін», – деп жазды әнші.