Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда қыз алып қашып бара жатқандар жойқын жол апатына түсіп, қыз көз жұмды (ВИДЕО)

15:30, 26 мамыр 2025 3048

Алматыда жантүршігерлік жағдай орын алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қыз алып қашқан көлік жол апатына түсті. Бұл туралы ZTB.news мәлімдеді.

Жол апаты салдарынан көліктегі қыз көз жұмды.

Ақпаратты Алматы облысының полициясы растады. Оқиға Үлкен Алматы айналма жолында болған. 

Оқиға 24 мамыр күні шамамен сағат 18:00-де болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, KIA көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен жанама соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан Mercedes-Benz инерциялық соққыдан аударылып кеткен. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Mercedes-Benz-тің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушісі мен тағы екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді», - делінген полиция хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар