Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Alash.kz порталы.
Алматыда 27 наурыз күні 19 жастағы қыз 9-қабаттың терезесінен құлап кетті. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Полицейлер "суицидке итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл жайлы Halyqstan телеграм арнасында жазылды.
Трагедияның себептері әлі анықталған жоқ. Көршілерінің айтуынша, қыз бір күн бұрын жігітімен ұрысып қалған, содан кейін осы оқиға болған. Куәгерлер құлаған қыздың қолында телефон болғанын айтады.
Алайда, марқұмның достары әлеуметтік желілерде бұл болжамды жоққа шығарады. Олар қыздың жас жігітпен емес, Қадір түнін атап өткен достарымен бірге уақыт өткізгенін айтады.
Полиция тергеуді жалғастырып, болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.