Алматыда енесін зорлады деп күдікке ілінген ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Alash.kz.
Шаһардың Полиция департаменті күдіктіні құрықтау сәті түсірілген бейнежазбаны жария етті.
Тәртіп сақшылары бұған дейін тараған істің дұрыс тергелмей жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратқан авторды заңды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда.