Белгілі блогер, қоғам белсендісі Жан Ахмадиев әнші Мұқасан Шахзадаевтан аяусыз соққы жеді делінгее “Нұр-Мұқасан” тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлейменнің қазіргі жағдайын жария етті, деп хабарлайды, Alash.kz.
Ауруханаға әншінің көңілін сұрай барған Жан Ахмадиев пен танымал заңгер Инга Иманбай жәбірленушінің денсаулығы туралы видео жүктеді.
“Мұрынға ота жасалды. Отек бәрі қайтқасын… Кейін тағы ортасындағы стенкасына жасаймыз дейді”.
Өміріне қауіп төнген Ғалымжан Сүлеймен Мұқасан Шахзадаевтың қылығын кешірмейтінін ашып айтты
“Жоқ. Кешірмеймін… Үш күн басында күттім. Одан кейін де күттім. Қазір… Жоқ, енді… Өзі келмеді. Сол кісінің атынан кешірім сұрап келушілер көбейіп кетті. Тәкаппарлықтың потологы деп ойлаймын”.
Ғалымжанның заңгері аталған іс туралы заң жүзінде түсіндіріп берді:
Адамның денсаулығына орташа деңгейдегі қасақана жарақат салуға 3 жылға дейінгі түрме жазасы қарастырылған. 107-бап. Азаматқа қасақана жасалған қылмыс болып саналады. Адамдар тобымен сөз байласып, шақырып алып, соққыға жығу деген… Ол енді әнші, бір салада жүр, өнер адамы. Жасы үлкен. Ғалымжан мырзаның жасы кіші. Бұл - әлімжеттік.