Ақмола облысында баласының еміне деп елден 1,3 млрд теңге жинап алып, ақшаны шопинг пен құмар ойынға жұмсағаны анықталған ерлі-зайыптының сотында прокурор қатаң жаза сұрады, деп хабарлайды Alash.kz.
Прокурордың сөзіне қарағанда, айыпталушылардың әрекеті қоғамдық сенімді терең шайқаған. Ол соттан ер адамға 7 жыл бас бостандығынан айыруды, 10 жылға қайырымдылықпен айналысу құқығын шектеуді, мүлкін тәркілеуді және жазаны орта қауіпсіздігі бар түзету мекемесінде өтеуді сұрады. Сот барысында прокурор «үкім күшіне енгенге дейін айыпталушы қамауда қалсын» деген өтініш те жасады.
Айыпталушы әйелге де дәл осындай жаза тағайындау ұсынылды. Дегенмен, олардың 2019 жылы туған баласы бар болғандықтан, жазаны орындауды екі жылға кейінге қалдыру қарастырылуы тиіс екені айтылды.