Қазақстандық спорт журналистикасының танымал өкілі, ұзақ жылдар бойы «Хабар» және КТК арналарында спорт жаңалықтарын жүргізген Диля Ибрагимова өмірден өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz.
«Диля Ибрагимова кәсіби шеберлігі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас буынға үлгі болды. Оның жарық бейнесі халық жадында мәңгі сақталады», — делінген министрлік хабарламасында.

Әйел бірнеше жыл бойы ауыр сырқатпен күрескен. 2019 жылы оған «прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатия» диагнозы қойылғанын өзі хабарлаған болатын. 48 жасында дүние салған Диля Ибрагимованың артында бір ұлы қалды.
Министрлік марқұмның туған-туыстары мен әріптестеріне көңіл айтып, оның есімі ел журналистикасында өшпес із қалдырғанын атап өтті.