Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін" - Темірлан Еңсебек тағы да тергеуге шақырылды

21:01, 27 қараша 2025 199

Qaznews24 сатиралық парақшасының бұрынғы авторы Темірлан Еңсебек тағы да тергеуге шақырылды, деп жазады Alash.KZ.

Бұл жолы оған жаңа бап бойынша айып тағылған.

“2025 жылдың қаңтарынан бастап оның бұл парақшаға қатысы жоқ. Ол қылмыстық қудалау кезінде редакция жұмысына араласпады. Бұл жолы 274-бап – "көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен айып тағылған. Осы бап бойынша Темірлан үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр”, – деді Темірланның қалыңдығы Мария Кочнева.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек бес жылға шартты түрде сотталған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар