Стамбулда 156 миллион теңге құны тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін үш жыл бойы іздеуде болған Қазақстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Alash.kz.
Полиция мәліметінше, 33 жастағы әйел сатушы болып жұмыс істеп, 2021 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың маусымына дейін зергерлік бұйымдарды ұрлап келген. Оның әрекеттері ұзақ уақыт бойы анықталмаған.
Қазір әйел Қазақстанға депортацияланып, қамауда отыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жалғасып жатыр.