Алаяқтар 82 жастағы театр және кино актрисасы Елена Цорнды алдап, Мәскеу орталығындағы пәтерін иемденіп кеткен, деп хабарлайды Alash.kz.
Алаяқтар 82 жастағы театр және кино актрисасы Елена Цорнды алдап, Мәскеу орталығындағы пәтерін өздеріне рәсімдеткен.
2024 жылдың 3-16 қыркүйек аралығында алаяқтар актрисаның үйіне бірнеше рет қоңырау шалып, оның мүлкі мен жинақтары қауіп төніп тұрғанын айтып сендірген. Нәтижесінде, Цорн олардың айла-тәсілдеріне алдана отырып, пәтерін өмір бойғы рента шарты бойынша рәсімдеп берген.
«Пәтерге жасалған келісімшарт сомасы 14 миллион рубльді құрады. Сондай-ақ алаяқтар актрисаны 180 мың рубль беруге көндірген», – деді ақпарат көзі.