Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы алғаш рет әкесі жайлы айтты, деп жазады Alash.kz.
Әдемі желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап беріп, әкесімен қарым-қатынасы жайлы ашық айтты.
“Мен тек өз атымнан жауап беремін: менің папаммен, Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Әрине, барлық адамдардағыдай реніштер мен түсініспеушіліктер болды. Бірақ менің әкем біреу ғана, мен оны қандай болса да сол қалпында қабылдаймын. Ең бастысы - ол бізді жақсы көреді. Қазір біздің қарым-қатынасымыз бұрынғыдан әлдеқайда жақсарды.
Бұл Айым, Айару, Нұриман мен Райымбектің әкемен қарым-қатынасы нашар дегенді білдірмейді. Оларда да бәрі жақсы. Тек олар жабықтау адамдар, әркім өзі үшін сөйлейді”, - деді Әдемі Тұрсынбекқызы.