Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ағылшын тілін меңгеру керегін түсіндім". Филиппин елінен келген туристті тәнті еткен Нұржол Сатыбалды сұхбат берді

10:29, 26 сәуір 2025 230

Филиппин елінен келген туристті тәнті еткен оқушы Нұржол Сатыбалды телеарнаға сұхбат беріп, ағылшын тілін қалай меңгергені жайлы айтып берді, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Jibek Joly арнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына Филиппиннен келген туристті тәнті еткен оқушы Нұржол Сатыбалды эксклюзив сұхбат берді. 

«Ағылшын тілін шетелге шыққанда үйрену керегін түсіндім. Сосын Алматыға келіп, «Көк базардағы» туристтерден үйрендім. Мен түскен видео таралып кеткенін кеше кешке білдім. Ол біздің дүкенге кәдесыйлар сатып алу үшін келді», - деді ол.

Айта кетейік, филиппиндік Серджио есімді турист Алматыдағы көрікті жерлерге барып, қаланың тыныс-тіршілігін көріп, тұрғындармен тілдеседі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар