Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әдемі қалыңдық”. Динара Сатжан көйлек тіктіріп, тойға дайындыққа кірісіп кетті (ВИДЕО)

09:18, 23 наурыз 2025 658

Танымал тележүргізуші бұған дейін дүркіретіп той ұйымдастырмайтынын айтқанымен, қазақстандық дизайнер Наиль Байкучуковке той көйлегін тіктіруге тапсырыс беріп қойғаны анықталды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы дизайнер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Динара Сатжан Ыстамбұлға бір-екі күнге ғана ұшып келді. Әрине, біз кездесіп, жылы қауыштық. Келесі күні кофе ішуге шыққанымызда ол маған той көйлегі керек екенін айтты. Мен қатты қуанып, шабыттана түстім. Динара менің музам болғандықтан, жұмысқа бірден кірістім», – деді Байкучуков.

Алайда келесі күні Түркияда наразылық акциялары басталып, көйлекті алдын ала киіп көруге мүмкіндік болмаған. Дегенмен тігінші жұмысын жалғастырады және ең әдемі қалыңдық көйлегін тігіп шығатынына сенімді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар