Қазақ-қырғызға тіл тигізген Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатеринаның үстінен іс қозғалды, деп жазды Alash.kz.
Санкт-Петербург қаласында Екатерина Биволға қатысты өзге ұлт өкілдері туралы айтқан мәлімдемелеріне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Ресейде Биволға қатысты тексеру жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталған. Бұған дейін, бірнеше апта бұрын, Қазақстан билігі оны халықаралық іздеуге жариялаған болатын.
Істі сотта қарау 2026 жылдың 29 қаңтарына белгіленді.
Еске сала кетелік, Жартылай ауыр салмақта біріктірілген әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Бивол Қазақстанға қатысты өткір пікірлерімен тағы да дауға іліккен.
Жақында ол Алматыға туыстарын көруге келген сапарынан сурет жариялап, өзінің де, балаларының да тегін өзгертетінін мәлімдеген. Бұл жазбадан соң көптеген қазақстандық оған елге келмеуге кеңес берген.
Бұған жауап ретінде Екатерина ашулы хабарлама жариялап, Қазақстан мен жергілікті халық туралы жағымсыз пікір айтты:
«Яғни жалған ақпарат тарататын пабликтер бірдеңе жазса, бірден 500-ге жуық ашушаң адамнан хабарлама аламын... Құдай сақтасын, мен сіздерге баруды жоспарлап отырған жоқпын, ондай ойым да болған емес... Қазақстаныңызбен әбден мезі еттіңіздер», – деп жазды ол.
Екатеринаның айтуынша, өзіне бағытталған хейт оның «танымалдығын ғана дәлелдейді».