Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

8 жылға сотталған танымал актер жасаған қылмысына қарамай бостандыққа жіберілді

16:27, 24 наурыз 2025 1946

Танымал актер Михаил Ефремовті сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуын мақұлдады, деп хабарлайды Alash.kz.

Айыптау тарапы, прокуратура, адвокат және колония әкімшілігі оның шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуына (ШТМБ) келісімін берді.

Прокурордың айтуынша, қылмыстық жазаның мақсаты орындалды, сондықтан Ефремовтің колонияда отыруы қажет емес.

Бірақ, бостандыққа шыққан жағдайда, оған үш жыл көлік жүргізуге тыйым салынады.

Сот отырысында белгілі болғандай, актер колонияда тәртіп бұзған. Ол ұялы телефон пайдаланған және жұмыс орнын шай ішу үшін тастап кеткен.

Телефонмен қоңырау шалғаны үшін оны бес күнге тәртіптік изоляторға (ШИЗО) жіберген.

“Бұл – менің ақымақтығым. Жігіттердің қоңырау шалып жатқанын көріп, мен де бір рет қоңырау шалуға шешім қабылдадым. Әлі күнге дейін не үшін істегенімді түсінбеймін.” – деді Ефремов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар