61 жастағы ер адам автобустағы әйелді соққыға жықты, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.
Қостанай қаласындағы қоғамдық көліктің бірінде сорақы оқиға болды. 61 жастағы ер адам әйелді соққыға шығып, ұрды, деп хабарлайды POLISIA.KZ.
Жолаушылар зардап шеккен әйелге арашашы болуға тырысқан. Полиция күдіктіні бірден ұстады. Оған қатысты Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция азаматтарды сергек болуға және көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қырағылық танытуға, осындай оқиғалар туралы хабарлауға шақырады.