Түркістан облысының соты 2025 жылдың жазында туған әкесін ұрып-соққан Көссейіт ауылының 41 жастағы тұрғыны Алмас Садақбаевқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ер адам «Қинау» және «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» баптары бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Прокурор айыпталушыны алты жыл екі айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
«Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды: соттылығының жоқтығын, кінәсін мойындап, өкінетінін және кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», - делінген туралы өңірлік соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Садақбаев 2025 жылдың 7 қыркүйегінде әлеуметтік желілерде ер адамның қарт кісіні соққыға жыққан видеосы тарағаннан кейін ұсталған еді. Сот-медициналық сараптама жүргізу үшін марқұмның денесін эксгумациялауға тура келді.