Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

–35 градус аяз - алдағы күндері ауарайы қандай болады?

19:53, 19 желтоқсан 2025
 

Алдағы 3 тәулік ішінде ел аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп жазады Alash.KZ.

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады.

Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанып отыр, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қар жауады.

Ел аумағында тұман, көктайғақ болып, сондай-ақ жел күшейеді.

Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -0-5 градустан -18-30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында -33-35 градусқа дейін аяз болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар