Танымал актриса Жазира Еркін болашақ күйеуінен мәһрге не сұрайтынын айтты, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.
Актриса жиындардың бірінде өзіне қойылған сауалға жауап берді.
«Бұл сұрақ маған осыған дейін де қойылған. Индонезия елінде Бали деген арал бар. Сол жерден вилла сұраймын. Бағасын білмеймін. Бірақ ол виллалар жиынтығы сияқты қонақүйге ұқсас болады», - деді Жазира Еркін.
Bali.realestate сайтындағы хабарландыруларға көз жүгіртсек, актрисаның қалауындағы үйлердің құны 202 мың доллардан басталып, 3,4 млн долларға дейін жетеді.