Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«20 жылға дейін сотталуы мүмкін»: Ресейде қасақана өрт қойғаны үшін Тараздық екі азамат құрықталды

15:33, 04 ақпан 2026

Ленинград облысында диверсия жасады деген күдікпен Тараз қаласының 20 жастағы екі тумасы қамауға алынды, деп жазады Alash.kz.

Тергеу мәліметінше, Санкт-Петербургте тұрып жатқан жас жігіттер тұрақты жұмысы болмағандықтан, интернет арқылы табылған күмәнді ұсынысқа келіскен. Олар белгісіз кураторлардың нұсқауымен 40 мың рубль сыйақы үшін ұялы байланыс мұнарасының тарату қалқанын өртеп жіберген. Ломоносов аудандық сотының шешімімен олар тергеу изоляторына жіберілді.

Күдіктілер қылмыс орнынан таксимен қашпақ болған жерінде қолға түсті. Қазіргі таңда бұл іс «адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған диверсия» бабы бойынша тергеліп жатыр. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар